Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Грузия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Тәуелсіздік күніне орай осы елдің Президенті Михаил Кавелашвилиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті кейінгі жылдары Грузияның демократиялық институттарды нығайту, экономиканы жаңғырту және азаматтардың әл-ауқатын көтеру ісінде айтарлықтай жетістікке жеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Кавелашвилидің жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Грузия халқына бақ-береке тіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget