- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мемлекет басшысы ғалымдардан...
"Мемлекет басшысы ғалымдардан үлкен үміт күтеді" - депутат Нұртөре Жүсіп
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым күніне орай ғалымдармен кездесіп саланы дамытудағы бірнеше ойын ортаға салды. Президенттің бастамасына Парламент сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп үн қосты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, президенттің отандық ғылымды дамытуға айрықша назар аударғанын атап өтті.
"Президент атап өткендей, қазір Парламентте «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Бұл заң ғылымның дамуына зор серпін береді деп күтілуде. Білім мен ғылымға озық халықаралық тәжірибе ауадай қажет екені айқын.
Мемлекет басшысы жас ғалымдардан үлкен үміт күтетінін жасырмады. Кезінде Алаш ардақтылары оқу мен білімге, ағартушылық қызметке көңіл бөлгенін еске салды.
«Сіздер әлемнің үздік ғылыми орталықтарында болып, тәжірибе жинақтап жүрсіздер. Кезінде халқымыздың көрнекті тұлғалары мен қайраткерлерінің де ағартушылықпен айналысқаны тегін емес”,- деген сөзі соның дәлеліндей", - деп жазды депутат.
Сондай-ақ Нұртөре Жүсіп президенттің жас ғалымдарға мол мүмкіндік беріп жатқанын баса айтты.
“ Президент: Қазір жас ғалымдардың заманы туды. Сіздер ұсынған, ойлап тапқан жобалардың игілігін бүкіл еліміз көруі керек. Бір сөзбен, сіздер сияқты ғалымдар отанымыздың ғылыми-техникалық даму көшін бастауы керек. Себебі, ғылым мықты болса, мемлекет те қуатты болады. Ғылымсыз ел құрдымға кетеді. Ал ғылымы озық ел кез келген дағдарысты еңсере алады. Ғылым өркендесе, экономика да өркендейді. Яғни халықтың әл-ауқаты артады”,-деді. Ғылым азаматтардың тұрмысын – сапалы, болашағын – жарқын ететіндігіне сенімді. Осы ретте «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» боламыз десек, осы мақсатты жүзеге асыруымыз керек. Мемлекет пен ғылыми қауымдастық бұл жұмысты жұмыла атқарады деп сенемін»,- деген сөзі жас ғалымдарға сенім мен серпін беретіні сөзсіз", - деп сөзін қорытындылады ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов