Бүгін, 28 қазанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы сөзінің тікелей көрсетілімі республикалық телеарналарда және Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында сағат 11:00-де басталады.
Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкімет мүшелері мен Қазақстан Халық Кеңесінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.
Қазақстан халқына Жолдау – Президенттің ел дамуының алдағы кезеңдегі негізгі басымдықтары мен міндеттерін айқындайтын жыл сайынғы үндеуі. Әдетте сөздің елеулі бөлігі экономика, әлеуметтік саясат, Үкімет жұмысы, өңірлерді дамыту, заңнамалық өзгерістер және мемлекеттік саясаттың өзге де бағыттарына арналады. Сондай-ақ Президент жаңа бастамаларды жариялап, мемлекеттік органдарға тапсырмалар береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Президент болып сайланғалы бері Қазақстан халқына сегіз кезекті және кезектен тыс Жолдау жариялады. Орта есеппен бір сағатқа созылады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!