Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады, - деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентіне министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды.
Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.
Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.