- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Абай...
Мемлекет басшысы Абай облысының өртсөндірушілерін марапаттады
Фото:
t.me/bort_01
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ауданындағы өртті сөндіруге қатысқан өртсөндірушілерді "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігі бойынша ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен:
- Тоғызбаев Айдос Ерұланұлы (марқұм) - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі;
- Тұрлыбеков Амангелді Айтмұхашұлы - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
"Ерлігі үшін" медалімен:
- Нұрлан Сәлімжан - Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №14 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, өртсөндіруші Айдос Тоғызбаев 7 қыркүйекте Абай ауданында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек