- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мем кейіпкеріне айналдым"....
"Мем кейіпкеріне айналдым". Бағдат Мусин қатып қалған эфирге байланысты пікір білдірді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бүгінгі Үкімет отырысында сөйлеген сөзінің қатып қалуына қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін мем кейіпкеріне айналдым. Желіде қатып тұрған трансляцияның фонында интернет сапасы тақырыбында сөйлеп жатқаным туралы күлкілі видео тарады. Достарымның бәрі оны маған жіберіп жатыр. Рақмет, жағдайды ескерсек, бұл шынымен күлкілі", - деді Бағдат Мусин әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Министр бүгінгі Үкімет отырысында айтқан сөзін эфирге байланысты тыңдай алмағандарға негізгі тезистерді қысқаша баяндап берді:
- 3000-нан астам ауылға 60 мың шақырым болатын оптика жүргізіліп, 504 ауыл спутник арқылы интернет желісіне қосылады;
- Халық пен бизнес кемінде 100 Мбит/с жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі;
- Ескірген ADSL технологиялары Интернетке қол жеткізудің заманауи жоғары жылдамдықты технологияларына ауыстырылады;
- 3,4 мың мектепте Интернет жылдамдығы артады, бүгінгі таңда 3 мыңнан астам мектепте жылдамдық қарқыны артты;
- 2027 жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар 17 мың автожол мобильді интернетпен қамтылады (2024 жылы – 4 000 шақырым, 2025 жылы – 4 000 шақырым, 2026 жылы – 4 500 шақырым, 2027 жылы – 4 500 шақырым);
- 4 жылдан кейін республикалық маңызы бар қалалар 5G желісімен 75 пайызға, ал облыс орталықтары 60 пайызға қамтылады;
- Елдегі Интернеттің сапасын одан әрі арттыру үшін Заңға кейбір түзетулерді енгізу қажет;
- Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде, 2027 жылы үйдегі кең жолақты Интернетке қол жеткізу желілерінің ену деңгейі 100 пайыз болады;
- Қазақстанға "сұр схема" бойынша әкелінген ұялы телефондар бұғатталады;
- Ұрланған абоненттік құрылғылардың тізілімі құрылды https://imei.rfs.gov.kz, онда сіз сатып алған телефонның ұрланған-ұрланбағынан тексере аласыз;
- "Батыс-Шығыс" Ұлттық гипермагистралінің құрылысы аясында құрылысы Каспий түбімен 400 шақырымға дейін жететін оптика салынады;
- Транзит пен халықаралық трафикті сақтау үшін Tier-III деңгейінен төмен емес деректерді өңдеу орталығын құру қарастырылып жатыр.
Бұған дейін министр Үкімет отырысында "Қолжетімді интернет" ұлттық пилоттық жобасы туралы айтқан еді. Әлеуметтік желілерде оның интернет туралы сөйлей тұра, эфирдің қатып жатқанына қатысты әзілдер тарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кейін министрліктің баспасөз қызметі бұған интернет сапасының еш қатысы жоқ екенін, мәселе "Қазконтент" акционерлік қоғамының отырысты көрсетуге пайдаланатын бағдарламалық құралында екенін түсіндірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан