“Меломен“ әншісі Қайрат Мырзаханов енді дизайнер маманы болатынын айтты

"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов алдағы уақытта дизайнер мамандығына оқуды жоспарлап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл шешімге жеке кәсібі арқылы келгенін алға тартты. Ерлерге арналған киім дүкенін ашқан ол, ондағы барлық тауарларды өзі таңдап, өзі әкелетінін айтты. 

"Қазір шет елден ерлерге арналған заманауи стильдегі ерлерге арналған киімдерді әкеп жатырмын. Алдағы уақытта дизайнер мамандығын оқып алсам ба деймін. Себебі өзім бұл салаға бұрыннан қызығамын. Жігіттердің де киіну стиліне ойымды айтып, сыртқы образға баяғыдан аса мән беретінмін. Бұл да шығармашылық көзқарасты талап етеді ғой. Сондықтан да осындай шешімге келдім. Дизайнерлікті оқып алған соң, шет елден емес, отандық брендті қалыптастырып, өзіміздің "қазақи ерекшелікті" нарыққа қосқым келеді", – деді ол. 

Қайрат Мырзаханов жеке кәсіптің шығармашылыққа әсер етпейтіні жайлы да айтты. 

"Әншілік өнер – бұл біздің сүйікті ісіміз. Жанымыз қалайтын сала. Сол себепті жеке кәсіптің оған әсері болмайды", – деді ол. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!