"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы психологтарға деген көзқарасы жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бақытты өмір сүруді үйрететін отбасылық коучтарға қатысты ойын жеткізді.
"Коуч дегендер жай "пешкі" ғой. Мен психологтарды жоққа шығарып беретін ілім алып алғанмын. Базовый психология ғана бар, қалғанның бәрі лаққан әңгіме. Біздің психология қазақтың жыр-дастандарында жатыр. Соларды тыңдасаңыз, тұнып тұрған психология. Бір "кәпір" келіп қазақтарға дұрыс өмір сүруді, қалай бақытты болу керек екенін үйретпей-ақ қойсын. "Бақытты отбасы бүйту керек, сөйту керек, күніге мына затты пайдалану керек, балаңа былай сөйле, былай сөйлеме" деген әңгімені айтпай-ақ қойсын олар", – деді әнші.
Еске сала кетейік, "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрила Ақберген тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтып, Ғабитпен ажырасу себебін айтқан еді. Кейіннен "Меломен" тобының әншісі бұрынғы әйелінің айтқанын жоққа шығарып, көп отбасының ажырасуына психолог-коучтардың әсері бар екенін тілге тиек еткен болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз