- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектептің бас есепшісі...
Мектептің бас есепшісі бір жылда 46 млн теңге жымқырған
Алматыда мектеп қызметкері 1 жылда 46 миллион теңге жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда мектептің бас есепшісі бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген.
Қалалық прокуратураның хабарлауынша, аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады. Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы