Қазақстандағы білім беру ұйымдарында Face ID технологиясына негізделген кіруді бақылау жүйелерін жаппай енгізу ұсынылды. Бұл мәселе Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Face ID жүйесі білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған. Технология оқушылар мен қызметкерлерді бет-бейнесі арқылы танып, мектеп аумағына кіретін адамдарды бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйені енгізу арқылы:
Кеңесте Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту және білім саласын одан әрі цифрландыру мәселелері де қаралды.
Оқу-ағарту министрлігі "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп, өңірлерді Ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосу жоспарын әзірлеген.
Жаңа сервистің көмегімен мемлекеттік қызметтер автоматтандырылып, білім беру саласындағы деректердің дәлдігі артады. Сондай-ақ бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқаны туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету көзделген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!