- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектептерде өзгеғаламшарлықтар шабуылдаған...
Мектептерде өзгеғаламшарлықтар шабуылдаған жағдайда әрекет ету жөніндегі нұсқаулық әзірленетіні рас па?
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, кейбір мектептерде өзгеғаламшарлықтар шабуылдаған жағдайда әрекет ету үшін арнайы іс-қимыл хаттамалары әзірленіп жатыр. Бұл туралы АҚШ-тың Мэриленд штатындағы оқу орындарының бірінің оқытушысы көпшілік алдында мәлімдеген екен. Бұл рас па, stopfake.kz тілшілері анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Есімін атамаған мектеп мұғалімінің видеосы 2023 жылдың 26 тамызында TikTok-та жарияланған. Видеоны шығарған аккаунтта оның мұғалімнің немесе білім беру саласы қызметке рінің парақшасы екенін білдіретін белгілер жоқ. Парақшада жаңалықтар сюжеттерінің үзінділері, өзгеғаламшарлықтардың табылған денелері туралы видеолар және covid-диссиденттік идеялар туралы роликтер орналастырылады.
Жаттығулар өтіп жатқаны туралы хабарлаған ағылшын тілді БАҚ оқу орындарында өзгеғаламшарлықтар басып кірген жағдайда әрекет ету жөніндегі хаттамалар әзірленіп жатқанына ешқандай дәлел таба алмады.
Кейбір адамдардың пікірінше, "өзгеғаламшарлықтардың шабуылы" - бұл мектептерге жасыл адамдардың басып кіруі емес, білім мекемесіне сырттан келген қаскүнемдер қауіп төндірген және қандай да бір себептермен байланыс жұмыс істемеген штаттан тыс жағдай.
Айта кетейік, АҚШ-та өзгеғаламшарлықтардың шабуылы тақырыбы кеңінен танымал. Мысалы, елде басқа планеталардың тұрғындарының шабуылын модельдеуге мамандандырылған балалар спорт лагерлері бар. Шындығында, онда балалар жай рөлдерге бөлініп ойнайды және дене шынықтырумен айналысады. Тақырыпта өзгеғаламшарлықтар сөзі адамның назарын аудару үшін ғана қолданылады.
Демек, мектептерде өзгеғаламшарлықтардың шабуылы жағдайында әрекет ету хаттамалары әзірленіп жатқандығына ешқандай дәлел жоқ. Бұл туралы белгісіз әйел мәлімдеген. Мектептер де, білім беру саласына жетекшілік ететін мемлекеттік мекемелер де бұл туралы хабарламаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина