- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектептерде оқушыларға үйден...
Мектептерде оқушыларға үйден тамақ әкелуге ресми түрде рұқсат етілді
Қазақстанда мектеп асханалары үйден тамақ әкелетін оқушыларға жағдай жасауға міндеттелді. Оқу-ағарту министрінің мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру ережелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ережеге "білім беру ұйымдарында білім алушыларға өзі әкелген тамақпен тамақтана алуы үшін қажет жағдайлар жасалады" деген жаңа тармақ қосылған.
Сонымен қатар, мектепте тамақтануды ұйымдастыру мектеп асханасында санитария-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін жабдықтар, жағдайлар болған кезде жүзеге асырылатыны айтылған.
Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі тауарлар конкурс бойынша сатып алынады. Мектеп асханаларында жергілікті атқарушы органдардың шешімі негізінде асхана меңгерушісі, аспаз, асхана қызметкері лауазымдары енгізіледі.
Бұйрық 2022 жылғы 20 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова