Мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді

Мектептерде оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда оқушыларды тамақтандырудың жаңа стандарты әзірленеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлназарованың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады. Бұған жыл сайын 175 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінеді.

"Бүгінгі таңда келесі қадамды жасау маңызды: еліміздің барлық мектебі үшін балаларымыздың сапалы, теңдестірілген және қауіпсіз тамақтануының кепілі болатын жаңа стандартты әзірлеу", - деп жазды Әлназарова әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен бірге ЮНИСЕФ-тің қолдауымен мектептегі тамақтану мәселелерін талқылаған. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы мектеп тамағының кемшілігі барын жазған болатынбыз. Тағам заманауи принциптерге сәйкес келмейді. Азық-түлікте қант, тұз, қаныққан май, өңделген тағамдар және жемістер, көкөністер мен сүт өнімдері көп. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек