- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектептерде қазақ тілін...
Мектептерде қазақ тілін білу деңгейі емтихан арқылы анықталады
Мектептерде кейбір сыныптардың қазақ тілін білу деңгейі тексерілетін емтихан енгізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы 3 ақпанға дейін жалғасатын қоғамдық талқылауға шығарылған.
"2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойынша және қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша емтихан енгізіледі", - делінген бұйрық жобасында.
Бұйрықта бұл жаңашылдық мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Үкімет қаулысын орындау үшін енгізілгені айтылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова