Мектептерде жол жүру ережесі жеке пән ретінде оқытылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, биыл Қазақстанда "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән пайда болады.
"Оған жол жүру ережелерімен қатар, балалардың қауіпсіздік мәселелері де кіреді. Пән сабақ кестесіне енгізіледі. Сондай-ақ, онда жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары қарастырылған. Барлық өзекті мәселе ескерілді", - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Шенеуніктің сөзінше, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Пәнді педагогтар мен психологтар жүргізеді. Ол 5-9-сыныптар аралығында оқытылады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова