Мектептен оралмаған: Шымкентте жоғалған бала табылды

Мектептен оралмаған: Шымкентте жоғалған бала табылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Шымкентте жоғалған бала 3 сағат ішінде табылып, анасына қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Абай аудандық полиция басқармасының "102" пультіне 6 жасар оқушы жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Қала тұрғынының айтуынша, ұлы мектепке кетіп, үйіне оралмаған. Өзі іздеп таба алмаған әйел тәртіп сақшыларынан көмек сұрауды ұйғарады.

Кейін құқық қорғау органдары жедел іздестіру шараларына кіріскен. Ойын алаңдары, дүкендер, саябақтар және бала болуы мүмкін басқа да орындар тексеріліпті.

Нәтижесінде учаскелік инспекторлар оқушыны аман-есен тапты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова