Жамбыл облысында сот оқушылар арасындағы қайғылы оқиғаға байланысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, 9-сынып оқушысы Р. Тараздағы мектепте кәмелетке толмаған құрдасы А.-мен қақтығыс кезінде оған физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен. Мойын жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болған.
Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және заттай дәлелдермен дәлелденген.
Прокурор сотталушыға 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот үкімімен сотталушы Р. ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 81-бабы 7-бөлігі және ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігі 2) тармағы негізінде 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сондай-ақ, сот сотталушының заңды өкілдерінен жәбірленуші тараптың пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!