Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне педагог мәртебесі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Бұдан бөлек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!