Мектепте екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма жазу енгізілмек

Қазақстан мектептерінде екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма енгізілмек. Бұл туралы Құрылтайдағы Үкімет сағатында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Жұлдыз Сүлейменова айта кеткендей, оқушыларға өз ойын жазбаша жеткізу қиынға соғып жатады. Жағдайды түзету үшін екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма енгізу көзделген.

"Біз қазіргі мәселе неде екенін түсінеміз. Әр сынып оқушысы белгілі бір мөлшерде кітап оқуы керек. Кейде балалар өз ойын білдіруде қиналады, сондықтан оларға шығарманы жақсы жазуды да үйрету керек", – деді министр.

Бұған дейін бастауыш сыныптардан кейін БЖБ мен ТЖБ-ны 5–9-сынып оқушылары үшін, кейін 10–11-сыныптар үшін кезең-кезеңімен жою жоспарланғаны хабарланған болатын. Оқу-ағарту министрлігі бұл өзгерісті келесі оқу жылынан бастамақ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!