- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектепте атыс болып,...
Мектепте атыс болып, бір жасөспірім қаза тапты
Фото:
Фотоскрин
АҚШ-тың Айова штатындағы мектепте атыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.
Атыстан бір жасөспірім қаза тауып, бесеуі жараланды. Шабуылды осы білім мекемесінің 17 жастағы оқушысы жасаған. Ол кейіннен өзіне қол жұмсады.
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, Дилан Батлер есімді бала таңертең сабақ басталмай тұрғанда оқ жаудырған. Не үшін ондай әрекетке барғаны әзір белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы