Шығыс Қазақстан облысында Жамбыл деген ауыл бар. Ол Қатон-Қарағай ауданында орналасқан. Бұл жерде жайлы өмір сүруге қажеттің бәрі бар: әр үйге су тартылған, көп көше асфальтталған.
Tengrinews.kz тілшілері Жамбыл ауылын аралап, жастар және балалармен әңгімелесіп, жергілікті мектепті көріп, тұрғындармен сөйлесіп қайтты. Бір қарағанда ауылда өмір қызып жатқандай көрінеді. Бірақ ауылдағы халық саны біртіндеп азайып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, маңайдағы бірнеше ауыл "жоғалып" кеткен. Ауыл тұрғындары ендігі кезек оларға да жетті ме деп қорқады.
Жамбыл шекарада орналасқан - 100 шақырымнан аз жерде Қытай тұр.
"Рахман қайнарында" болған қазақстандықтар бұл өлке қандай әдемі екенін біледі.
Бұл жерді бір рет көзімен көрген адам пейзажды көріп таңғалары сөзсіз.
Ауылға ұзын көпір арқылы өтіп бір-ақ кіреміз.
Ауылға кірген бойда көзге түсетіні - үлкен мектеп. Фотодағы ер адам - жергілікті тұрғын Айдарбек, ол Жамбыл ауылында жұмысы бар тұрғындардың бірі. Қазір ол мектеп жанындағы бақшаға күтім жасайды.
Мектепте бар-жоғы 43 оқушы ғана оқиды. Жыл сайын олардың да саны азайып барады.
Бұл уақытта Жамбылда балалар көп жүрді.
Олардың бірі жергілікті тұрғындар болса, көбі ауылға ата-әжесіне қонаққа келген қалалық балалар.
Балалар футбол ойнап, велосипед теуіп, атқа мініп, тауға шығып уақыт өткізеді.
Балалар Жамбылға қуана келетінін, тіпті күні бойы смартфон туралы ұмытып кететінін айтады.
Болашақта Жамбыл ауылында мүлде адам қалмауы мүмкін. Бұл туралы жергілікті тұрғындардың өздері айтты.
Ауылдағы адам санының азаюының себебі - ауылда жұмыс жоқ және ауыл аудан орталығынан біршама алыс.
Жақын уақытта Қатон-Қарағай ауылы аудан орталығы болуы мүмкін. Ол ауылдан 60 шақырым жерде.
Қазір Жамбылда 324 адам тұрады. 2009 жылы адам саны едәуір көп болатын. Ал өткен ғасырдың соңында адам саны мыңға сәл ғана жетпейтін.
Бір кездері дүркіреп тұрған совхоз қазір жұмыс істемейді.
Марал шаруашылығы да жабылып қалған. Бір кездері жергілікті өнімдер Кореяға жеткізілетін.
Көп адам үйін тастап кетіп қалған.
Жеке үйлерде жылына тоғыз ай пеш жағуға тура келеді, себебі жергілікті аймақ салқын болғандықтан үйлерді жылы ұстау қажет.
Тұрғындар ауылды таза ұстауға тырысады. Кейбірі дарбазасын оюмен әдемілеп қойған.
Үйлердің бірінде әулет жиналып отыр екен. Олар Қазақстанның жан-жағынан келіп, ата-бабасының рухына бағыштап ас беріп жатыр екен. Тұрғындар қонақжайлылық танытқан.
Ауылда адам аз болғанына қарамастан, жергілікті тұрғындар өзі туып өскен жерді шексіз жақсы көретіні көрініп тұр.
Жамбыл ауылы 1932 жылы құрылған. Ауыл өзінің 100 жылдығын тойлап үлгерер ме екен?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!