- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектепке келген бақсыға...
Мектепке келген бақсыға қатысты дау: бірнеше адам қызметінен кетті
Жамбыл облысында бақсы келген Тұрар Рысқұлов ауданындағы Тереңөзек ауылында тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеруді Жамбыл облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі, Жамбыл облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері жүргізді.
Оқиға орнында білім беру, ақпарат және қоғамдық даму басқармаларының қызметкерлері жұмыс істеді.
Тексеру нәтижесінде Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары А.Терлікбаев, Жамбыл атындағы мектеп директора Э.Закимбаева өз еркімен қызметінен кетті.
Тұрар Рысұлов ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысына және Тереңөзек ауылының әкіміне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында мектепке бақсыны шақыруға мұғалімдерден ақша жиналғанын жазған едік.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша бақсының 4 метрлік шлейфі бар көйлегін оқушылар сүйреп жүрген. Ең қызығы, ол мектепке көмектесемін деген оймен мектепке жыртылған киім, сынған ойыншықтар мен іске жарамайтын компьютер берген көрінеді.
Бақсы ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен емдейді-мыс. "Томирис" мектепке "материалдық көмектен" бөлек, 500 мың аударамын деп уәде берген. Алайда ол ақшаны аудармаған. Ал мектеп мұғалімдерінен 4 мың теңгеден жинаған.
Желідегі ақпаратқа сәйкес бұл кездесуді аудан әкімдігі ұйымдастырған көрінеді.
Күні кеше оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина