Психолог Архипова бірінші сынып оқушысының мектептегі алғашқы күнін қалай қызықты етуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Психолог РИАМО сайтына осы тақырыпта мақала жариялаған.
"1 қыркүйекті мектеп оқушысы үшін қуанышты ету үшін үйіңізді шарлармен немесе "Білім күні құтты болсын!" деген жазумен безендіруге болады. Сабақ кестесін басып шығарып қою да баланың оқуға деген талпынысын ашады", - дейді психологиялық-педагогикалық орталықтың психологы Марина Архипова.
Баланың мектепке киетін киімдерін алдын ала дайындап қою да оқушылық өмірге үлкен ыждағаттылықпен аяқ басуына көмектеседі екен.
"Алдын ала мектеп киімдерін дайындап, бірінші сынып оқушысына сөмкесін жинауға көмектесіңіз. Сабақ кестесін бұрыннан білетін болсаңыз, оны басып шығарып, әдемі етіп жасап, көрінетін жерге іліп қоюға болады. Пәтерді әуе шарларымен немесе "Бақытты білім күні" плакатымен де безендіруге болады. Егер сіз мұғалімге гүл шоғын сыйлауды жоспарласаңыз, оны балаңызбен бірге таңдап, әдемі вазаға салған дұрыс. Мұның бәрі үйде қуанышты күту атмосферасын қалыптастырады", - деді Архипова.
Ол осы есте қаларлық оқиғаны суретке түсіріп үлгеру үшін мектептің бірінші күні үйден ерте шығуға кеңес берді. Балаңызбен мектептен кейін уақытыңызды қалай өткізетініңізді алдын ала талқылаңыз. Ойын-сауық саябағына немесе кинотеатрға баруға болады.
"Мектеп өмірінің алғашқы күнін балаңыз үшін жағымды эмоцияларға толтыруға тырысыңыз. Алайда асыра сілтеуден аулақ болыңыз. Шамадан тыс эмоция, тіпті жағымды эмоция болса да бірінші сынып оқушысын шаршатуы мүмкін. Мерекеден кейін екінші және үшінші оқу күндері болатынын ұмытпаңыз, яғни оқушыға кешке портфелін жинап, киімін дайындап, уақытында ұйықтау керектігін еске салу керек", - деп атап өтті психолог.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!