- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектеп вальсінен кейін...
Мектеп вальсінен кейін қыздарды ешкім тұрмысқа алмайтынын айтқан имам жұмыстан шығарылды
Мектеп вальсінен кейін қыздарды ешкім тұрмысқа алмайтынын айтқан Ферғана облысы Ташлақ ауданының бас имамы, халық арасында "Шукрулло домла" деген атпен танымал Шукрулло Эгамбердиев жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Шукрулло Эгамбердиев бірнеше даулы мәлімдеме жасаған. Ол нақты қай мәлімдемесі үшін жұмыстан шығарылғаны белгісіз.
"Түлектердің кештерінде не болып жатқанын қараңыздар! Егер түлек болсаң, демек, қалағаныңды істе деген сөз бе? Неліктен мектеп оқушыларына қыдыруға және демалып жүруге рұқсат бересіздер? Неліктен оларға вальс билеуге рұқсат бересіздер? Мұғалімдер қайда қарап отыр? Ертең түлектер кешінде сыныптасымен бірге вальс билеген қызға не болады? Ал интернетте оның билегенін көрсе? Оны ертең кім алады? Тәрбиелі адам болса, оны алмайды?", - деген имам.
16 мамырда Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ішкі бақылау комиссиясы Шукрулло Эгамбердиевтің әлеуметтік желілердегі сөздерін талқылады. Жиында оның әлеуметтік желілерде дау тудырған мәлімдемелері имам мәртебесіне сәйкес келмейтіні айтылды.
Эгамбердиев қате жібергенін мойындап, кешірім сұрады. Имам-хатыб кейінгі қызметінде мұндай кемшіліктерге жол бермейтінін мәлімдеді.
Ішкі бақылау жөніндегі комиссия тәртіптік жаза ретінде сөгіс беріп, оны Ташлақ ауданының бас имамы міндетінен босатты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова