Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады

Фото: Видео кадры

Желіде баланың соққыға жығылған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында Спорт сарайының алдында куәгерлер түсірген кадрлар тарады. Видеода баланың анасы өз баласын басқа оқушының әкесі ұрып-соққанын айтып жатыр. Сегіз және тоғыз жастағы екі бала бір-біріне балағат сөздер айтып, төбелесіп қалғаны белгілі болды.

"Менің балам оның атына қайта-қайта айтылған балағат сөздерге жауап ретінде ұлымен төбелескені үшін ер адам тарапынан ауыр психологиялық және физикалық зорлық-зомбылық көрді. Осындай агрессивті ересектердің өздерін дұрыс ұстауы және балаларымыздың құқығы қорғалуы үшін бұл істі жария етуді сұраймыз", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Будни Кокшетау (@budni_kokshetau)

Ақмола облысының полиция департаменті жанжалға қатысушылардың бәрінің жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Ұрып-соғу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қоюға тіркеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылады", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан