Мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды

Ресейдің Улан-Уде қаласында 17 жастағы мектеп оқушысы вейп шеккеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mash"-қа сілтеме жасап.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, мектеп оқушысы үйіндегі жуынатын бөлменің есігін жауып алып, ұзақ уақыт бойы шықпаған. Оның жағдайына алаңдаған туыстары есікті бұзып, еденде ес-түссіз жатқан қызды тапқан. Оның жанында телефон мен вейп болды.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жасөспірімнің бөлмесінен темекі шегуге арналған тағы екі электронды құрылғы мен таяқшалары бар Iqos тапты. Барлық табылған заттар, сондай-ақ қыз қайтыс болғанға дейін тұтынатын өнімдер зерттеу үшін тәркіленді. Оқушының қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.

Еске салайық, Қазақстанда вейптерді сатуға және елге әкелуге, сондай-ақ тиісті емес жерлерде вейптерді шегуге тыйым салынды. Вейпке қарсы заң шыққалы не өзгерді? Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!