Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларының шашын бояуына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалпы біз бір сұраққа көңіл бөлуіміз керек. Биылдан бастап министрліктің қойып отырған талабы - мектептің ішкі тәртіп ережесі бар. Мектеп бірінші миссиясынан ауытқымауы керек - ол сапалы білім, саналы тәрбие беруі керек. Мектептің ішкі тәртібінде балалардың білімінің жоғары болуы, тәртіпті сақтауы және мектеп формасын қатаң ұстануы бекерден бекер жасалып отырған нәрсе емес.
Жастардың әлем жастарынан кем болмауына түрткі болатын жайлы жағдайлар. Сондықтан ата-аналар да, оқушылар да мектепке келген кезде білімді азамат болып шығамын деп бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуы бірінші мақсат болуы керек. Ішкі мектептің тәртібіне бағыну керек. Әрине, боямай-ақ қою керек (шашты-еск.). Тәртіпті сақтау керек", - деді министр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!