- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мектеп оқушылары арасында...
Мектеп оқушылары арасында онлайн республикалық математикалық турнир өтті
2020 жылдың маусым айында онлайн режімде 2-4 сынып оқушылары арасында "Бастау" ХІІІ республикалық математикалық турнирі өткізілді.
Турнирдің басты мақсаты – бастауыш мектеп оқушылары арасында математикаға ерекше қабілетті дарынды балаларды анықтау, дамыту және оларға қолдау көрсету, математикадан оқушылардың білімін тереңдету және кеңейту.
Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан және "Назарбаев Зияткерлік мектептерінен", республикалық физика-математикалық мектептерінен, сондай-ақ жеке білім ұйымдарының республикалық қауымдастық мектептерінен 2-4-сынып оқушылары арасында 141 қатысушы бәсекеге түсіп, 47 команда бақтарын сынады.
Турнирдің республикалық кезеңі ZOOM платформасының көмегімен және мына сайтта онлайн режимде үш тур бойынша өткізілді:
1 тур – "Әу, баста! " (командалық жарыс);
2 тур – "Асық" (командалық жарыс);
3 тур – "Математикалық бәйге" (ауызша жеке сынақ).
Аталмыш байқауда Ақмола облысының намысын қорғау үшін турнирге 3 оқушыдан екі команда қатысты:
1 команда – Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің оқушылары: 2 сынып оқушысы Серік Әлнұр, 3 сынып оқушысы Рахман Айша, 4 сынып оқушысы Мұратбек Ислам;
2 команда – Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары 2 сынып оқушысы Ракишева Дана, 3 сынып оқушысы Жорабек Ералы, 4 сынып оқушысы Есимсеитов Алан қатысты.
Байқау қорытындылары бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Рахман Айша - Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы марапаииалды; ІІІ дәрежелі дипломмен Мұратбек Ислам Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы марапатталды;
Сонымен қатар грамотамен 3 оқушы марапатталды: Серік Əлнұр – Көкшетау қаласы ІТ мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы; Жорабек Ералы – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы; Есимсеитов Алан – Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы.
Командалық есепте Көкшетау қаласы №17 орта мектеп-гимназиясының оқушылары грамотаға ие болды.
Республикалық байқаудың барлық қатысушыларын лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, болашақта толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Қ. Слямбек