Мектеп ғимараты опырылды: оқиғаға қатысты не белгілі?

Мектеп ғимараты опырылды: оқиғаға қатысты не белгілі?
Фото: Видео кадры

Ресейде жалпы білім беретін мектеп ғимараты опырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Жаңасібір облысындағы Татарск қаласында жергілікті уақытпен сағат 10:40 шамасында (Астана уақытымен 09:40 - еск.) болған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде мектеп ішінде балалар болмаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ТЖМ ғимараттың опырылуынан ешкім зардап шекпегенін айтты.

"Ғимараттың бір бөлігі опырылған сәтте ішінде адамдар болмаған. Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астраханда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісі опырылып, кемінде үш адам зардап шеккен еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget