"Мектеп директоры күйеуін өлтірген": жантүршігерлік істің нәтижесі белгілі болды

"Мектеп директоры күйеуін өлтірген": жантүршігерлік істің нәтижесі белгілі болды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Астана полициясы күйеуін өлтірді деген күдікке ілінген мектеп директорына қатысты тергеу қалай аяқталғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақпанда Астанада кісі өлтіру дерегі тіркелді. Осы істің тергеп-тексеру нәтижелеріне қатысты Астана Полиция департаменті соталды тергеп-тексеру Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы, 1-бөлігі, 2-тармағы "Іс-әрекетте қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты" тоқтатылғанын хабарлады.

Полицейлер басқа деректер жария етілмейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, 26 ақпанда елорда полициясына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, ал ауруханаға пышақ жарақатымен әйел жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен болатын. Әйел Астана мектептерінің бірінің директоры, қайтыс болған адам оның жұбайы болып шықты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова