Мектеп дәретханасында оқушы қатарласын соққыға жыққан: видео

Мектеп дәретханасында балалардың бірін-бірі ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды. Әлеуметтік желіде астаналық мектептің дәретханасында түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желі қолданушылары оқиғаның Астанадағы №106 орта мектепте болғанын айтты.

Бұл фактіні Астана полициясы тіркеді. Қатарласын ұрып-соққан мектеп оқушысының ата-анасы бала тәрбиесіндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылғаны белгілі болды.

"Материалдар сотқа және қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясына жолданды, полиция мұндай фактілердің алдын алу үшін білім басқармасына ұсыныс жолдады", - деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!