Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы панамалық Карлос Мурильо Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен Сауль Канело Альварес (58-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бұл ауыр, өйткені ол спорттағы үмітті сөндіреді. Осындай дүниелерге байланысты мексикалық көптеген жұрт Канелоны ұнатпайды, өйткені олар оны ақша үшін төбелеседі деп ойлайды. Қазір бәрі бизнеске байланысты. Бұрынғыдай адамдар намысы, елі үшін жұдырықтаспайды", - деп келтіреді Мурильоның сөзін prensa.com.
18 қыркүйекте таңертең Лас-Вегаста өткен трилогияда Канело төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!