Астанада екі тұрғын Instagram желісіне Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапар ұйымдастыру жөнінде жарнама жариялаған. Алайда олар ақыр аяғында сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Күдіктілердің уәдесіне сенген 37 азамат оларға жалпы көлемі 60 млн теңге ақша берген. Алайда олар жәбірленушілерден алған ақшаны өз қалауынша жұмсаған.
Сот үкімі
Сот үкімімен олардың әрқайсына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушілерге келген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық талап арыз толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова