Сауд Арабиясында жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тапты, тағы 29 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Saudi Gazette басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол апаты Абха қаласы мен Махаил Асир мухафазасын (провинция) қосатын Акаба Шаар жолында болған. Тежегіші істен шыққаннан кейін, жолаушылар автобусының жүргізушісі көлікті басқара алмай көпірге соқтығысып, аударылған, артынша өртенген. Зардап шеккендер Ұмраға, Меккеге бара жатқан.
Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ, қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына дереу жетіп, құтқару жұмыстарын бастады. Апаттан кейін жол қозғалысы бірнеше сағатқа жабылды. Қаза болғандардың, сондай-ақ, жаралылар аймақтың бірнеше ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккеннің көпшілігін күйік шалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!