• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

“Мекенжайды шатыстырған“. Ер адам көршісінен кек аламын деп, өзгенің қорасын өртеп жіберген

“Мекенжайды шатыстырған“. Ер адам көршісінен кек аламын деп, өзгенің қорасын өртеп жіберген

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өзгенің мүлкін қасақана өртеп, миллиондаған шығын келтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің ауласындағы шаруашылық қораның өртке оранғаны туралы хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тергеу барысында 27 жастағы ер адамның көршісімен арадағы араздықтың кесірінен осындай қадамға барғаны анықталды. Кек алмақ ниетпен ол бензин толтырылған пластикалық бөтелке алып, қарсыласының шаруашылық құрылысын өртемек болған. Алайда күдікті мекенжайды шатастырып, өртті көршісінің емес, басқа біреудің қорасына қойған.

Өрт салдарынан 7 миллион теңгеден астам материалдық шығын келген. Тілсіз жаудан 10-нан астам үй жануары қырылып, 20 тонна шөп, 5 тонна мал азығы және шаруашылыққа арналған техника толығымен жойылды.

Қазіргі уақытта тергеушілер қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты зерттеуге қажетті барлық шараны қолға алды. Тергеу нәтижелері бойынша заң аясында процессуалдық шешім қабылданады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget