Еліміздің кез келген мекемесіне барғанда "Біз қалдырған заттар үшін жауап бермейміз!" деген жазуларды көруге болады. Заң ұйымдарға өз ережелерін орнатуға тыйым салмайтындықтан дүкен, фитнес-клубтың күзетшісі немесе әкімшілігі сізден заттарды сақтау ұяшығында қалдыруды сұрауға құқылы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Право знать" Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ҚР Азаматтық кодексінің 39-тарауының сақтау шарты бойынша бір тарап (сақтаушы) өзіне екінші тарап (жүк беруші) берген заттың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сақтауға міндеттеледі. Сақтау шарты затты сақтауға берген сәттен бастап жасалған деп танылады.
Мұндай шарт ауызша жасалуы мүмкін. Ол үшін затты вокзалдың, әуежайдың, мекеменің, кәсіпорынның, театрдың, мұражайдың, стадионның, асхананың және т.б. сақтау камералары мен киім ілгіш бөлмесіне қысқа мерзімді сақтауға тапсырылады. Бірақ кез келген шарт еріктілік қағидаты негізінде жасалатынын білу маңызды, әр азамат шарт жасап-жасамайтынын еркін шешеді. Ешкім біреуді келісімшартқа отыруға мәжбүрлей алмайды. Заңда сатып алушының дүкенге барған кезде заттарды сақтауға тапсыру міндеті қарастырылмаған, сатушы сатып алушыны сақтау шартын жасауға мәжбүрлей алмайды, сондықтан әркім күзетшінің немесе әкімшіліктің талаптарын орындаудан бас тарта алады.
Егер азамат күзеттің талабына келісіп, заттарын қалдырса, сақтаушы шартта көзделген барлық шараны, сондай-ақ оған берілген заттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін басқа да қажетті шараларды қабылдауға міндетті. Зат сақтауға қабылданған күйінде қайтарылуы тиіс.
Сақтаушы сақтауға қабылданған заттың жоғалмауына, санына, бүлінбеуіне жауап береді. Егер ол зат жоғалып, жетіспей немесе зақымданса оның кінәсінен болмағанын дәлелдесе, ол жауапкершіліктен босатылады. Тиісінше, әкімшілік қалдырылған заттар үшін жауап бермейді деген ереже заңсыз болып табылады.
Сақтаушы сақтауға қабылданған заттың жоғалуына, жетіспеуіне немесе бүлінбеуіне жауап береді. Егер зат жоғалып, бірақ сақтаушы ол заттың жоғалуы, жетіспеуі немесе зақымдануы оның кінәсінен болмағанын дәлелдесе ғана жауапкершіліктен босатылады. Тиісінше, әкімшілік қалдырған заттар үшін жауап бермейді деген ереже заңсыз.
Сақтауға қалдырған зат жоғалған жағдайда, азамат әкімшілікке хабарласып, полиция шақыруы керек, сондай-ақ заттарды тапсыру кезінде алған нөмірдің фотосуретін немесе бейнежазбасын жасау керек, бұл нөмір затты сақтауға қалдырды деген деректі растау үшін әкімшілікке қолхат болады.
Әкімшілік жоғалған заттың шығынын өтеу үшін жүк беруші жазбаша талап қойып, оларды әкімшіге тапсыру керек. Егер сақтаушы келтірілген залалды өтеуден бас тартса, онда тұтынушы сотқа талап арыз беруге құқығы бар.
Затты өтеусіз сақтау кезінде заттың жоғалуынан, жетіспеуінен немесе бүлінуінен келтірілген залал өтеледі:
Еске салайық, бұған дейін адвокат мектепте оқушылардың телефонын алып қою қаншалықты заңды екеніне жауап берген еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ағылшын тілін қанша айда үйреніп алуға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!