- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мефедронды аузына салып...
Мефедронды аузына салып тасып жүрген: Рудныйда есірткі жасырушы ұсталды
Рудныйда полицейлер есірткі жасырып кетушіні ұстады. Күдіктіден 29 грамнан асатын мефедрон тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінде 39 жастағы жергілікті тұрғынды есірткімен ұстады. Ұсталған кезде ол синтетикалық заттың 18 zip пакетін түкірді.
"Күдіктінің пәтерін тексеру және тінту кезінде оралған 111 пакет таптық. Рудный қаласының тұрғынынан жалпы салмағы 29 грамнан асатын 129 мефедрон байламы тәркіленді", - деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Аят Картбаев.
Полицейлер күдіктінің әр жолы үйден аузына есірткі салынған пакеттерді алып шығып отырғанын айтты. Ол соңынан ешкім бақыламайтынына көз жеткізгеннен кейін ғана тасымалдап отырған.
Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр. Ведомство өкілдері ер адам бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталғанын мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова