Мефедрон тәркіленді: Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды

Мефедрон тәркіленді: Ақмола облысында жасырын есірткі зертханасы жойылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақмола облысы Ерейментау ауданында есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті Ерейментау ауданындағы прокуратура органдары үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

Қазақстан азаматы есірткінің кезекті партиясын дайындап жатқан кезінде ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

"7 келіге жуық мефедрон психотроп заты, 100 литрден аса прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова