Ақтаулық тренер қыздың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушыларға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
31 қаңтарда Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы бес адамға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады.
Сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. и С.Н. Telegram арқылы мефедрон психотроп заттарын заңсыз сатып алғаны анықталған. Есірткіге масаң күйде сотталушылар жәбірленушіні ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып, ұрлап кеткен. Арада біраз уақыт өткен соң сотталушылар А.М., У.Ж., К.Д. жәбірленушіні сотталушылар С.Н. мен Е.А. қасында қалдырып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Кейін С.Н. көлік ішінде жәбірленушіні күш қолданамын деп қорқытып, психотроп зат мефедронды қолдануға мәжбүрлеп, сексуалдық сипаттағы өзге әрекеттер жасап, еркінен тыс зорлаған. Жәбірленушіні жанармай бекетінде таңға дейін бір бөлмеде ұстап, заңсыз бас бостандығынан айырған. Әрі қарай қорқытып, ақша талап етіп, ұялы телефон арқылы 2 млн теңге несие рәсімдеп, оны қолма-қол алып, жәбірленушіні түсіріп кеткен.
"Сотталушылардың іс-әрекеттері жәбірленушіні өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген", - деп мәлімдеді сот.
Сот алқасының үкімімен:
Сотталушылардан жәбірленушінің пайдасына 19 618 415 теңге материалдық шығын және 30 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді.
Еске салайық, былтыр мамырда ақтаулық фитнес тренер өзіне-өзі қол жұмсағаны хабарланды. Қайғылы жағдайға дейін бірнеше күн бұрын ол ауыр қылмыстың құрбаны болған. Мефедрон қолданған бейтаныс ер адамдар оған шабуыл жасап, ұрлап әкетіп, соққыға жыққан, кейін зорлап, екі миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге мәжбүрлеген.
Марқұмның туыстары сот шешіміне қанағаттанбай, апелляциялық шағым түсірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!