- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Медсақтандыру мәселесін жүзеге...
Медсақтандыру мәселесін жүзеге асыру үдерісі жарты жылға ұзартылмақ
Медициналық сақтандыру мәселесін жүйелі жүзеге асыру үдерісі жарты жылға ұзартылмақ. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бүгін Мәжілісте заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік 2015 жылдың 18 қарашасында Ұлт жоспарын іске асыру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң бекіген болатын. Осы орайда арнайы қорға тиісті қаржы түсіп, ол келер жылдың қаңтар айынан бастап толықтай жүзеге асуы тиіс еді. Алайда бастамаға мұқият басымдық берген мамандар заң жобасын толықтай жетілдіруді жөн көрген.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: - Біз қорға төлейтін жарналар мен аударымдарды жарты жылға ұзарттық. Сол себепті де 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап біріңғай медициналық келісім жүргізіледі. Бүгінде медициналық ұйымдарда екі келісім-шарт бар екенін білесіздер.Осы өзгерістер бастамамызға оң ықпалын тигізетін болады.
Мектеп медицинасы 2017 жылы денсаулық сақтау жүйесіне беріледі. Мәжіліс қабырғасында мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесіне беру мәселесі де қозғалды. Тамара Дүйсенова бұл өзгерістің пайдалы болатынына сенімді. Жоспар жүзеге асса, мектептердегі дәрігерлерге тиісті тексерістерден өтіп, біліктіліктерін арттырып отыруға тура келеді.
Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі: - Бүгінгі таңда балалар медицинасы білім беру жүйесі жағынан қаржыландырады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға мемлекеттік жарна аударатын болғандықтан және оны қор қаржыландыратын болғандықтан біз оны денсаулық сақтау жүйесіне өткізіп отырмыз. Екіншіден, әрине біздің салаға өткендіктен, ұйымдастыру структурасы өзгереді. Көрсетілетін медициналық көмегі қайта жасақталатын болады.
Дереккөз: 24.kz
Б. Қанатұлы