Әлеуметтік желідегі парақшаларда "Қазақстандағы медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қарым-қатынасқа итермелеуде" деген мазмұндағы пікір таралып жатыр. Осыған қатысты ҚМДБ жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ресми жауапты Instagram-дағы парақшасында жариялап, жалған ақпарат екенін мәлімдеді.
"ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайтынын мәлімдейміз Мұндай жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!