Қазақстандықтар ай сайын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға салым жасайды. Бұл оларға ауырып не жарақат алған жағдайда тегін медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Алайда "жергілікті ауруханаға барсаң, қызмет сапасы төмен, науқасқа аса назар аудармайды, бір сөзбен айтқанда жұмыстарына жеңіл қарайды" дейтіндер көп. Сондықтан да қалталы азаматтар ақылы емхананың көмегіне жүгінеді, дегенмен орташа деңгейлі табыс табатын отбасыларда мұндай мүмкіндік бола бермейді. Осыған байланысты Massaget.kz тілшісі Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Альбина Бахтиярқызынан медициналық қызметтің сапасына көңіл толмаған жағдайда, не істеуге болатынын сұрады.
Егер азамат көрсетілген медициналық қызметтің сапасына қанағаттанбаса, ұйым медициналық көмек көрсетуден бас тартса немесе азамат медициналық персонал тарапынан дөрекі қарым-қатынасқа, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілеріне немесе басқа да мәселелерге тап болса, ол өз құқығын қорғауға тиіс.
Маманның сөзінше, оның бірнеше жолы бар:
Альбина Бахтиярқызының айтуынша, емхана қате диагноз қойып, ол өлім секілді белгілі бір ауыр салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар шынымен де тәжірибеде кездесіп жатады. Алайда маман мұндай істі дәлелдеу қиынға соғатынын жасырмады.
"Негізі медицина саласында жасалатын қылмысты дәлелдеу өте қиын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, кейде азаматтың өзі көмекке өте кеш жүгініп жатады. Екіншіден, азамат өзіне қандай медициналық көмек көрсетілгенін білмейді немесе медициналық құжаттарының толық болмауына байланысты істі жеңе алмайды. Үшіншіден, дәрігерлік қателік - дәрігердің қателігін дәлелдеу өте қиын, бізде тәжірибеде мұндай жағдай көп кездеседі. Сондықтан науқас медициналық көмек алатын кезде міндетті түрде өзіне не керегін білуі қажет. Мысалы, кейбір адамдардың ем-шараның түріне қарсы көрсетілімі болуы мүмкін, көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, қандай дәрі-дәрмек қолданылды, осының бәріне жіті наззар аударуы керек. Бізде адамдар мұны білмейді", - дейді ол.
Сондай-ақ, адамдардың көп жіберетін қателігінің бірі - медициналық көмекке жүгінемін деп барған ұйымның мамандарының біліктілігіне көз жеткізбей, құжаттарын тексермей қаралатын кездері.
"Азаматтың көрсетілген медициналық көмекке көңілі толмайтын болса, Денсаулық сақтау министрлігіне бірден шағыммен жүгінсе болады. Олар шағымды міндетті түрде қарайды, қажетті органдарға тапсырады немесе өздері тексереді", - деді маман.
Кейде ұйымның медициналық көмек көрсетуден бас тартуының себебі заңның кемшіліктері болуы мүмкін.
"Заң бойынша медициналық сақтандырылған азамат пен сақтандырылмаған азамат тең. Бірақ сақтандырудың бір айы төленбей қалса, кез келген медициналық ұйым көмек көрсетуден бас тартады. Алайда бұл жөнінде заңда былай деп жазылған: егер медициналық сақтандырудың бір айы төленбей қалса, келесі 3 айда азаматтың көмек алуға құқығы бар. Дегенмен азамат қарыз және келесі айға төлеуден босатылмайды. Бұл дәрігер кінәсі деп айта алмаймыз, өйткені оларда сіздің құжаттарыңыз көрінбейді, базаға кіре алмайды, бұл заңның қағаз және іс жүзінде сәйкес келмейтінін көрсетеді"
Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі кез келген жағдайда ата заңмен қабылданған құқықтарыңызды біліп жүру, науқасқа айтарлықтай көмектесуі мүмкін екеніна назар аударды. Оның айтуынша, медицинада азаматтардың жалпы құқығы және науқастардың құқығы деп ажыратылады.
Науқастардың құқығы:
Науқастың құқықтары туралы ақпарат медициналық ұйымдардың көрнекі үгіт орналасатын жерлерінде орналастырылады. Медициналық көмек - науқастың медициналық көмек алуға хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін ұсынылады. Инвазиялық араласулар кезінде науқастың хабардар етілген келісімі уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жасалады.Науқастың құқықтарын қорғауды мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіне мыналар кіреді:
Тағы да оқи отырыңыздар: Жаттығудан кейін неге бұлшықеттер ауырады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!