Әнші Өмірқұл Айниязов "Қызықты weekend" бағдарламасына сұхбат беріп, жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламада өнер иесі әншіліктен басқа да табыс көзі бар екенін жеткізді. Сондай-ақ, әнші бір ұлдан кейін "21 ғасыр, 21 жыл" араға салып қызды болғанын айтты. Енді ол шекесі торсықтай, атұстар ұл нәсіп етуін тілейді.
"Біз халықтан ешнәрсе жасырған жоқпыз. Медицина арқылы қызды болдық. Жастармен әлі жарысайын деп жүрміз. Қызымыздың артынан тағы бір ұл армандап жүрміз. Сондықтан қызықтың бәрі алда. Келініміз босанбай тұрып, келіншегім тағы біреуін босанса деген ой бар", - дейді әнші.
Өмірқұл Айниязовтың сөзінше, бала мәселесіне байланысты ортада кикілжің туындап, бір-бірін кінәламаған. Керісінше қолдау білдірген. Ол қазіргі жастар ажырасуға асықпау керек екенін жеткізді.
"Бала болмады" деп бірден ажыраса салу дұрыс емес. Мен қазірдің өзінде ондай жастарды көп көремін. Жиі ақылымды айтып жүремін. Ізденіңдер, емделіңдер, басқа да медициналық жетістіктер бар, соның барлығына жүгініңдер, ешқайда асықпаңдар. Әртүрлі сынақтар болуы мүмкін, соған мойымай, бір-бірлеріңді қолдап, сынақтан өтіңіздер", - дейді Өмірқұл Айниязов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!