Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында қайтыс болған соң сүйегі қайда жерленгенін қалайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Мединадан топырақ бұйыруды армандайды.
"Түкке тұрмайтын, лып етіп өтіп кететін өмір ғой. Сондықтан топырағымызды Алла Тағала Мединадан бұйыруды нәсіп етсін. Құнанбайлардың арманы, менің де арманым. Болмаса мұсылманның жерінен бұйырса дейміз. Ыстамбұл да тегін жер емес", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!