Алматыда "Медеу" БТСК-не дейінгі жолдың бір бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше түнге жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі.
13 және 14 қыркүйекте сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін "Экобекет" аялдамасынан Бейсеуов көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады. Жедел медициналық жәрдем көліктері мен басқа да шұғыл қызметтер жөндеу жұмыстары кезінде кез келген шектеуден емін-еркін, кедергісіз жүре алады.
Айта кету керек, ұзындығы 2 км учаске – жөндеуге жоспарланған 6 км көшенің соңғы бөлігі.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!