"Медеу" мұзайдынында жаппай сырғанау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Медеу" мұзайдынының Instagram-парақшасында хабарланды.
"21-24 ақпан аралығында "Медеу" биік таулы мұзайдынында жеке командалық біріншілікте конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өтеді. Осыған байланысты "Медеу" мұзайдынында жаппай сырғанау 18-24 ақпан аралығында тоқтатылатыны ескертіледі", - делінген хабарламада.
Кубокқа Астана мен Алматы және елдің 7 өңірінің өкілдері қатысады. 21-22 ақпанда Қазақстан Республикасы Кубогының финал кезеңі, ал 23-24 ақпанда командалық старт өтеді. Жарыс күндері "Медеу" кешеніне жанкүйерлер үшін кіру тегін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!