Тау шаңғысы курортының аумағында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің өтініші бойынша Медеу-Шымбұлақ жолындағы өткізу режимінің кестесі ауысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"16 желтоқсаннан бастап кіруге 09:00-ге дейін, 12:00-ден 14:30-ға дейін және 18:00-ден кейін электромобильдер, таксилер және техникалық қызметтердің арнайы көліктерінің жүргізушілері үшін рұқсат етіледі. Бұл күні жаяу жүруге қатаң тыйым салынады, тек студенттік соқпақ арқылы қолжетімді. Жексенбі және мереке күндері жол жүру барлығына ашық, жаяу жүргіншілер мен автокөлік жүргізушілердің өміріне қауіп төнбейді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, "Мохнатка" және "Горельник" тауларының баурайында тастардың құлауы салдарынан болған зардаптарды жою бойынша жүргізілген кешенді жұмыстарға байланысты көлік қозғалысы шектелген еді.
2023 жылғы 25 қазаннан бастап бүгінге дейін бұрғылау қондырғыларын қолдана отырып, кедергілерді тазарту және беткейлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жол бойында нөсер кәрізі салынады.
Кешенді жұмыстар қыс бойы жалғасады және 2024 жылдың күзінде аяқталады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!