Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

Алматыда Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, 19-22 қазан аралығында Медеу - Шымбұлақ жолының "Горельник" визит орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбыры орнатылады.

"Жұмыс кезінде көліктер мен жүргіншілер қозғалысы толық тоқтатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапарын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.

Сурет: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Медеу мен Шымбұлаққа кіру ережелері өзгеретіні хабарланды. Жаңа тәртіп бойынша іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктердің кіруіне шектеу қойылады.

Электрмобильдерге бөлек режим қарастырылған: жұмыс күндері кіруге рұқсат етіледі, ал демалыс және мереке күндері шектеу барлық көлікке бірдей қолданылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз