Алматы қаласының Медеу ауданында Кеңсай-Сұлусай тасжолында лай көшкіні түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне мәліметінше, бұл жайт бүгін болған.
"Зардап шеккендер жоқ. Жолды тазартуға Қазселденқорғау мен қала әкімдігінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, ақпанда түнгі сағат 2.20-да Медеу ауданында лай көшкіні болып, салдарынан үйлерге зақым келген еді. Қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тапқан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз