- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Медеу Арынбаев: "Мен...
Медеу Арынбаев: "Мен өзімше, кекірейіп, жұлдыз болып кеткенмін"
Әнші Медеу Арынбаев өзінің бір кездері жұлдыз болып кеткенін мойындады. Бұл туралы ол Urpaq подкастында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мектепті 1984 жылы бітірсем, содан екі-үш жыл бұрын-ақ мен өз күнімді өзім көріп кеткен болатынмын. Жалпы, ес білгелі ата-анамнан ақша алған адам емеспін. Керісінше, 10 сыныпта апта сайын 50 сом, бір айда 200 сом тауып тұрдым. Әкем бас инженер, білдей парторг басымен айына небары 140 сом алатын. Сондықтан олар маған емес, мен оларға "жем-шөп аларсыздар" деп ақша беріп тұратынмын. Содан ба, мен өзімше кекірейіп, жұлдыз болып кеткенмін. Ақша адамды өзгертеді екен бәрібір. Киімді анау-мынау емес, Ташкентке барып алатынмын. Туған жерім Сарыағаш Өзбекстанға тиіп тұр ғой. Тіпті облыс орталығы Ташкент деп келіппін бала кезде. Кейін білдік қой оның басқа мемлекеттікі екенін. Қысқасы, мен өз күнімді өзім көріп кеткенмін ғой. Үйдің үлкені болған соң ба, мені өмірге ертерек баулыды. Ол да бір жағынан жақсы болды", - деп түйіндеді өз сөзін әнші.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Қ. Әбілдәқызы